1.09.2023, 17:01
Оқылды: 67

«Адал, отаншыл болу – міндетіміз» – Әділет Орынбасаров

«Теректі жаңалығы» газетінің редакторы, аудандық мәслихат депутаты Әділет Орынбасаров бүгінгі Президенттің Жолдауынан кейінгі ойымен бөлісті.

97E02F68-85B0-41A3-82C4-5BCEEE6E5490

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауын жариялады.

Халықтың әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі елдің экономикасына тәуелді.

Биылғы жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканың қай бағыттарына басымдық беретінін анықтады. Әсіресе, жергілікті отандық кәсіпкерлерді қолдау, ауыл шаруашылығына, жол-көлік тасымалына мықты назар аударған. Бұл салалардың қай-қайсының да дамуы да біздің аудан үшін маңызды. Соның ішінде «Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек» деген тапсырмасы егінді ауданда тұратын мен үшін жағымды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Онсыз басқа жұмыстың бәрі бекер. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында нақты айттым.

Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ» деген сөзінен жастарға зор жауапкершілік жүктелгенін аңғардым.

Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған жолдаудағы әр тапсырманы әр азамат, әр маман өзіне тікелей айтылған тапсырма деп деп түсінсе ғана, Әділетті Қазақстан, экономикасы мықты ел қалыптасатыны сөзсіз. Ендеше, жастар, өзіміз бастап әр қадамымызды, әр ісімізді елді нығайтуға бағыттайық.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале