2.06.2022, 15:15
Оқылды: 49

Ақобада ойын алаңы ашылды

Жәнібек ауданы Ақоба ауылындағы саябақ жанында балалардың ойын алаңы ашылды.

285286819_2639233372879328_8053200512172585623_n

Аталған нысанның құрылысы аудан әкімдігі мен Х.Халиуллин атындағы орта мектептің 10, 20 жылдық кездесуге келген түлектерінің қолдауымен жүргізілген.

Жаңа алаңда «Street Workout», әткеншек, төбешік, сырғанақ сынды элементтер балаларға қызықты ойнау үшін жобаланған.

-Ауылымызда «Street Workout» пен балалар ойын алаңының ашылуына куә болып отырмыз. Бүгіннен бастап алаң ауыл тұрғындары жиналып, уақытын тиімді өткізетін тамаша орынға айналатынына сенімдімін», - дейді Ақоба ауылық округінің әкімі Нұрлыбек Жакин.

Ә.Ноғай,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале