13.03.2024, 18:00
Оқылды: 16

Ақтау командасы жарыс жеңімпазы атанды

Тасқала ауданы Достық ауылдық округінде спорт ардагері Владимир Сұлтановтың зейнет демалысына шығуына байланысты жастар арасында волейболдан аудандық турнир өтті.

Волейбол достық

Турнирдің ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Талғат Шакиров мерейтой иесін құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Владимир Сұлтановқа өз атынан алғысхат табыстады.

Айтып кетсек, Владимир Рашитұлы 1961 жылы 31 қаңтарда Орынбор облысы Ташла ауданында дүниеге келген. 1976 жылға дейін №8 Круглоозерный балалар үйінде тәрбиеленеді. 1976-1978 жылдары Бөрлі ауданы Буденов ауылындағы №99 СПТУ-да трактористмашинист мамандығын оқып бітірді.

1979-1981 жылдары әскер қатарында азаматтық борышын өтеп, 1994 жылға дейін БҚО Тасқала ауданы Семиглавый Мар ауылында элеваторда жұмыс істеді.

1994 жылдан бастап осы ауылдағы теміржол бекетінде қызмет атқарды. Жұбайы Татьяна Сұлтанова екеуі Юрий және Евгений атты екі ұлды тәрбиелеп өсірді. Футбол, теннис, волейбол, шаңғы және жеңіл атлетикадан спорт ардагері.

Тартысты өткен жарысқа сегіз команда қатысып, мықтыларды анықтады. Нәтижесінде Ақтау құрама командасы жарыс жеңімпазы атанды. ІІ орынды Оян командасы еншілесе, ІІІ орын Тасқала командасына бұйырды.

Ойын барысында алаңның әр бұрышында шеберлігімен көзге түскен ойыншылар түрлі аталыммен марапатталды. Атап өтсек, Қайырбек Дәулетов «Үздік шабуылшы», Әлижан Ғалым «Үздік қорғаушы», Ералы Құрманғалиев «Үздік байланыстырушы», Аян Сырым «Үздік ойыншы» атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале