19.07.2018, 9:11
Оқылды: 231

Ақжайық ауданында 35 жастағы азамат суға кетті

ZhaiykКеше түс әлетінде, сағат 14.20-да, Ақжайық аудандық ішкі істер бөліміне 1983 жылғы туған осы ауылдың тұрғыны Жайыққа суға кеткені туралы хабар түскен. №6 жедел құтқару жасағы бөлімінің қызметкерлері өзеннің тік жарынан ол суға түскен тұстан 30-35 метр жерден оның мүрдесін шығарды.

- Бұл Алтай Аралбаев деген жігіт Жайық жағасына өзінің бір танысымен барған. Осындай қайғылы көптеген оқиғаға ұқсас, марқұм қауіпті жерден суға шомылғысы келген,- дейді аталған бөлімнің басшысы Марат Қабақаев.

Бұл аудан аумағында суға кетудің биылғы бірінші оқиғасы.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале