28.05.2018, 16:13
Оқылды: 59

Ақжайық ауданында заңсыз балық аулаудың 53 фактісі тіркелді

0191 сәуірде басталған «Бекіре» акциясы аясында БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Ақжайық бөлімінің қызметкерлері бүгінге дейін заңсыз балық аулаудың 53 фактісін, заңсыз балық тасудың 1 фактісін анықтады. 530 келі ұсақ тұқымды балық, 13 ау, 3 қайық тәркіленді. 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 5 іс сотта қаралды, 728215 теңге айыппұл өндірілді.

– Акция жалғасуда,-дейді бөлімнің бас маманы Марат Есенғалиев,- Біз бұқара арасында ең алдымен табиғатты аялауды насихаттаймыз. Өкінішке қарай, өзендер жағалауларын, орман алаптарын қоқыс-қалдықпен ластау тыйылар емес. Айталық, біз тек соңғы екі күнде су қоймалары жағалауларынан тасталған, іріп-шіріген 44 ау (жалпы ұзындығы 750 метр) жинадық.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале