Ертең, 26 сәуірде, Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта мемлекет және қоғам қайраткері, тоталитаризм ұйымдастырған саяси-қуғын сүргіннің құрбаны болған Ораз Исаевтың туғанына 120 жыл толуына арналып ғылыми-танымдық конференция өтеді.
Тарихшылар, ғалымдар шақырылған шара барысында аталған датаға арналып мектеп оқушылары, студенттер арасында жарияланған «Алаштың ардақты азаматы» атты кино-бук пен рефераттар байқауларының жүлдегерлері марапатталады. Дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылады. Сондай-ақ аудан орталығындағы Ораз Исаев атындағы көшенің мерекесі өтеді.
Еркін РАЙ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz