15.10.2024, 0:30
Оқылды: 97

Ала допты алақанда ойнатқан сырымдық арулар Алматыға барады

Орал қаласында «Халық» қорының ұйымдастыруымен Қазақстан облысының ауыл балалары арасындағы өңірлік волейболдан лигасы өтті. Бұл байрақты бәсекеде ала допты алақанында ойнатқан сырымдық арулар 1 орын алып, Алматыда өтетін республикалық чемпионатқа жолдама ұтып алды.

IMG-20241014-WA0521

Чемпионатқа өңір аудандарынан 9 команда қатысты. Допты дода дүбірінде сырымдық волейболшы арулар дес бермеді. Үздік ойын өрнегін көрсеткен қыздарды қызуқанды жанкүйерлер қиқулап қолдады.

Айта кетейік, жеңімпаз жеткіншектерді топпен дайындап, томағасын сыпырған жаттықтырушылары —  Алтай Мырзахметов пен Рамазан Каримов.

А.Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Рамазан Жайдарбекұлы: — Волейболдан қыздар командасының облыстық чемпионатқа барып-келуіне қаржылай қолдау көрсеткен «Батыс Алаш» спорт клубына, БЖСМ директоры Бауыржан Ихсановқа, балаларды тасымалдауға көлікпен көмектесетін «Жайлау» жеке кәсіпкерлігіне алғыс білдіремін. Ал, Алатаудың баурайына барып бақ сынайтын қыздарға «Халық қоры» доп беріп, спорттық киім, рюкзак сыйға тартып, жолақасын көтеріп алатын болады,- дейді.

Шынар Молданиязова, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале