16.08.2021, 9:50
Оқылды: 63

Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ресей Федерациясы Уфа қаласында греплингтен жастар мен жасөспірімдер арасында греплингтен әлем чемпионаты өтуде. Аталмыш жарысқа еліміздің спортшылары да аттанды.
IMG-20210815-WA0120

Әлемнің үздік жас греплинг шеберлері бәсекесінде өнер көрсеткен бәйтеректік Нұрболат Бахибаев жақсы нәтиже көрсетті. 50 келі салмақ дәржесінде бақ сынаған Нұрболат әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Володар ауылында жаттығатын Нұрболат үшін бұл үлкен жетістік.

IMG-20210815-WA0119

- Шәкіртім барлық белдесуін жақсы өткізді. Алтын үшін де айқасуға болар еді. Сәттілік жетіспеді. Десе де қола медальді қоржынға салдық. Алдағы уақытта жаттығуымызды күшейтетін басқа да ірі жарыстарда жүлде салуға тырысамыз, - дейді Нұрболат палуанның бапкері Аманбек Қошанов.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале