1.03.2023, 11:00
Оқылды: 143

Амангүл Ермекқызы: «Аялы алақанынан түлетіп, талмай самғауды үйреткен туған жерге мың алғыс!»

DE770F1D-8589-4456-AECB-225EDFABC775

Амангүл Ермекқызы, «Balapan» арнасының шеф-редакторы:

Бүгінде қандай да бір жетістікке жетсек туған жердегі тілеулес жандардың батасы деп білемін. Алып шаһарда орындалған арманымызға аядай ауылда жүріп ұмтылдық. Мақсатың айқын болса бәріне жетуге болады екен.

Өмірге әкелген ата-анаға, үмітімізді үкілеп қанаттандырған ұстаздарыма, бойымызға сенімділік ұялатып баптаған елге, құшағында еркелетіп, аялы алақанынан түлетіп, талмай самғауды үйреткен туған жерге мың алғыс!

Өскен өлкенің әр тасы ыстық. Қой қайырып, білте шамның жарығымен болашаққа хат жазған сендегі тәтті күндер мәңгі жүрек түкпірінде. Алғыс айту күнінде ғана емес әрқашан бас иіп өтуге бармыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале