8.01.2021, 16:32
Оқылды: 7

Ана тілімізді ардақтап, жастарға үлкен сенім артты

Тәуелсіздік үшін жүргі­зі­лген ғасырлар бойғы толассыз күрестер мемлекетіміздің даму тарихы жолындағы қақтығыстарының бірден-бір бөлшегі. Маңдай тер мен ащы қанның дәмі сінген байтақ жерімізге бостандық оңайлықпен келген жоқ. Осы себепті ұлы жеңісіміз –  тәуелсіздігімізді баянды етіп, ұрпаққа аманаттау – біздің ұлы борышымыз.

 Б.Меңдіғалиқызы1

Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы бұған тағы бір мәрте дәлел. Біздің ендігі алға қояр мақсатымыз табысты, әділ мемлекетті дамыту. Тарих арқалап, мәдени мұрамызды шыңдау, даму бағытында еңбек ету.

Президент мақаласында жер мәселесіне ерекше назар аударып, жерімізді қанаттыға қақтырмай сақтауға үндейді.

«Жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет», - дейді Президент нық сеніммен.

Артта қалған 30 жыл ішінде әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекетке айналған қазақ жері бабаларымыздың аяулы аманаты. Сол себепті ел үшін қызмет қылу – біз үшін үлкен құрмет, елеулі парыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының мақаласында мемлекеттік тілді әр азамат білуге керек екендігі де баса айтылған. Ана тілімізді ардақтап, оны одан әрі дамыта түсу керектігі туралы айтқан сөздері де еліне, ана тіліне жаны ашыған әр азаматтың көңілінен шыққаны сөзсіз.

Бибігүл Ахметжанова,

 «Nur Otan» партиясы

 Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале