8.11.2021, 11:22
Оқылды: 75

Ардагер спортшылар жарысы өтті

Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ардагер спортшылардың басын қосқан волейбол турнирі оздырылды. «Бәйтерек» спорт клубы мен жергілікті әкімдік берлесе ұйымдастырған әуе доп додасына аудан ауылдарынан келген командалар қатысты.

30

-Биыл ауылымызда бірнеше қызықты спорт жарыстары өтті. Округ жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, ауыл спортын дамыта түсу мақсатында ұйымдастырылған қызықты сайыстар көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлауда. Осындай жарыстар балалардың қызығушылығын оятып, ауылда чемпиондарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Аға буын спортшыларының жарысы жастарда желпіндіреді деген үміттеміз. Бабы мен бағы қатар шапқан шын жүйрік жеңіске жетсін,-деді жарыстың ашылуында сөз алған округ әкімі Ринат Ескендіров.

31

Қызықты бәсекелер қорытындысында шалғайлық спортшылар үшінші, Егіндібұлақ ауылының командасы екінші, переметныйлық ардагерлер бірінші орынға ие болды.

29

Спорттық шара соңында үздік ойыншылар мен жүлдегерлер және жеңімпаз команда жарыс демеушісі болған «Азиза» жеке кәсіпкерлігінің иесі Жанболат Рамазанов ұсынған бағалы сыйлықтарға ие болды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале