Бүгін дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Мейірбандық күндері және Қайырымдылық айлығы мен ҚР Республика күніне орайластырылып, ардагерлер арасында асық ату мен дартстан аудан біріншілігі өтті.
Жарысқа ауылдық округтерден спортшылар қатысып, мергендіктерін сынады. Марапаттау рәсіміне аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Қызықты да тартысты ойын нтәижесінде дартстан бұландық Аманбай Теміров І, қособалық Тасқын Жұмағұлов ІІ, алғабастық Әбіл Бахтияров ІІІ орын иегерлері атанды.
Ал ұлттық ойынымыз – асық атудан бірінші орынды мергендік танытқан жосалылық Төлеген Құмашев жеңіп алды. Екінші орын тұғырынан жымпитылық Мүсірбек Айташев көрінді. Үшінші орынға аралтөбелік Серікбай Рысқалиев ме болды.
Ғилаж Қаналиевтің айтуынша шара демеушілері – Бақиятар Құсайынов пен «Рамазан» шаруа қожалығы.
Жарыстан кейін ардагерлерге ас берілді.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz