20.10.2022, 15:16
Оқылды: 50

Ардагерлер арасындағы біріншілік

Бүгін дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Мейірбандық күндері және Қайырымдылық айлығы мен  ҚР Республика күніне орайластырылып, ардагерлер арасында асық ату мен дартстан аудан біріншілігі өтті.

1666237163286

Жарысқа ауылдық округтерден спортшылар қатысып, мергендіктерін сынады. Марапаттау рәсіміне аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Қызықты да тартысты ойын нтәижесінде дартстан бұландық Аманбай Теміров І, қособалық Тасқын Жұмағұлов ІІ, алғабастық Әбіл Бахтияров ІІІ орын иегерлері атанды.

1666237163235

Ал ұлттық ойынымыз – асық атудан бірінші орынды мергендік танытқан  жосалылық Төлеген Құмашев жеңіп алды. Екінші орын тұғырынан  жымпитылық Мүсірбек Айташев көрінді. Үшінші орынға аралтөбелік Серікбай Рысқалиев ме болды.

1666237163156

Ғилаж Қаналиевтің айтуынша шара демеушілері – Бақиятар Құсайынов пен «Рамазан» шаруа қожалығы.

Жарыстан кейін ардагерлерге ас берілді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале