Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев Жаңақала ауылындағы заңсыз тұрған құрылыс нысандарын, апатты үйлерді және құрылысы аяқталмаған кәсіпкерлік нысандарды аралап, жай-күйімен танысты.
Нысандарды аралауға аудан әкімімен бірге Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары, Жаңақала ауылдық округінің әкімі және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы және Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушысы қатысты.
Нысандарды аралау барысында, аудан басшысы заңсыз құрылыстарды ретке келтіру, бос тұрған аппатты үйлерді реттеу, құрылысы жүріп жатқан кәсіпкерлік нысандарды қоршау бойынша және көшелердің көркін бұзып тұрған бірқатар мәселеге қатысты тапсырмалар тиісті мекеме басшыларына берілді.
А.Бисенбаева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz