Ұлттық спорт түрі көкпардан БҚО чемпионатында топ жарып, жүлделі орын алған шабандоздарды Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Биғазықызы алғысхатпен марапаттады.
Марапаттау рәсімінде сөз алған аудан әкімі: "Жерлестеріміз дүбірлі додада аудан атын бір асқақтатты", - дей келе, "Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар" демекші, сіздердің жеңістеріңіз болашақ шабандоздардың рухына қайрау болмақ. Әлі талай додаларда топ жаратындарыңызға сенім артамыз", - деп лебізін білдірді.
Анар Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz