Өркениет пен дамуда мемлекеттік қызметкерлер еңбегінің алар орны - ерек. Халық сенімін ақтау үшін, ел тұрмысын жақсарту үшін қызмет ететін жандардың мерекесі жыл сайын 23 маусымда тойланады. Сондай-ақ атаулы күнге орай мемлекеттік қызметкерлер арасында Орал қаласында облыстық спартакиада өтеді.
Бүгін ауыл ауыл әкімдері, бөлім басшылары, ел тізгінін ұстаған азаматтар аталған доданың іріктеу кезеңі бойынша сынға түсті. Нақтырақ айтар болсақ, Теректі аудандық спорт клубында шахмат, асық ату, бес асық, гір тасын көтеру, баскетбол, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде үстел теннисі, Теректі кешенінің бассейнінде жүзу спорттары ұйымдастырылып, аудан намысын қорғайтын қызметкерлер іріктелуде. Тағы да басқа спорттық ойындар келесі аптада да жалғасын табады.
Ақтілек Әлібек,
Теректі ауданы,
zhaikpress.kz