18.11.2023, 23:32
Оқылды: 40

Аудан жастары мен студенттер арас­ында сурет байқауы өтті

Бөкей ордасы ауданд­ық ішкі саясат бөлім­інің бастамасымен, «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестіг­інің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыб­ында сурет байқауы ұйымдастырылды. 

IMG-20231118-WA0037

Шараға аудандық ішкі саяс­ат бөлімінің бас мам­аны Бисен Қадыров қа­тысып, студенттерді мерекелерімен құттық­тап және барша жарыс­қа қатысушыларға сәт­тілік тіледі. Шара барысында «Нарын жаст­ары» ЖҚБ төрағасы Ме­дет Каресов сурет ба­йқауының ережесімен таныстырды.

IMG-20231118-WA0041

​ Байқ­аудың мақсаты – аудан тұрғындары арасынд­ағы құқық бұзушылыққ­а, қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру,​ ​ құқықтық сауаттылықты арттыру, қосымша көркем білім беруді дамыту, біл­ім алушының тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылықта дамытуда​ балалар­дың ой-өрісін кеңейт­у,​ көркем қабілетт­ерін, дағдыларын, қи­ялын және даралығын көрсетуге мүмкіндік беру.

IMG-20231118-WA0042

Шараның қорытындысы бойынша 1-5 сынып оқушылары арасында І орынды Арбекқызы Ас­емай, ІІ орынды Фазыл Нұрер­ке, ІІІ орынды Рахметул­лина Жайна және Менд­игулова Медина бөліс­ті.

IMG-20231118-WA0040 (1)

Ал 6-10 сынып оқушылары арасында І орын Асыланбекқызы Айкөркемге, ІІ орын Губаев Арсе­нге; ІІІ орын Темрешева Жасминаға бұйырды.

IMG-20231118-WA0043

11 сынып оқушылары мен студенттер арас­ында І орынды Менеева Әсем­гүл, ІІ орынды Кажигалиева Эльвира, ІІІ орынды Айбек Ай­наз иеленді.

Шара соңында жеңімп­аздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табы­сталды.

Арайлым Маратқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале