Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аудан орталығында тұратын балаларға аудан әкімі атынан Наурыз-қоржын сыйлыққа таратты.
Балаларға үлестірілген сөмкенің ішінде спорттық костюм, тәтті-дәмділер бар. Ауыл әкімінің қолынан сыйлық алған 12 бала жыл сайын дәстүрге айналған аудан әкімінің Наурыз тойына қатысуға тиіс балалар болатын. Олардың 10-ы Жымпиты ауылынан болса, екеуі Өлеңті ауылында тұрады. Карантиндік шектеулерге орай Ұлыстың ұлы күні тойланбайтын болғандықтан, үйлеріне апарып табыс етілді.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz