20.03.2021, 19:29
Оқылды: 44

Ауыл әкімі балаларға сыйлық таратты

Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аудан орталығында тұратын балаларға аудан әкімі атынан Наурыз-қоржын сыйлыққа таратты.

1C8099FC-FC1F-44F9-B291-1770A1B48CE3

Балаларға үлестірілген сөмкенің ішінде спорттық костюм, тәтті-дәмділер бар. Ауыл әкімінің қолынан сыйлық алған 12  бала жыл сайын дәстүрге айналған аудан әкімінің Наурыз тойына қатысуға тиіс балалар болатын. Олардың 10-ы Жымпиты ауылынан болса, екеуі Өлеңті ауылында тұрады. Карантиндік шектеулерге орай Ұлыстың ұлы күні тойланбайтын болғандықтан, үйлеріне апарып табыс етілді.

7661A54A-2EE6-4E98-8E21-DE18E5017C60

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале