24.04.2017, 11:17
Оқылды: 97

«Аяла» қайырымдылық дүкені 230 отбасын қажетті заттармен тегін қамтамасыз етті

Borli ayala   2016 жылдың қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде Ақсай қаласында аудандық жастар ресурстық орталығы «Аяла» қайырымдылық дүкенін ашылған еді.


    Дүкен ішіндегі барлық тауарлар Бөрлі ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған жандар, көп балалы отбасылар және қиын жағдайға түсіп, көмекке зәру жандарға тегін таратылумен келеді. «Аяла» қайырымдылық дүкенінің ашылуына демеуші болып, қолдау көрсеткен қайырымды жандарға алғысымыз шексіз. Бір жылға жуық көлемінде «Аяла» қайырымдылық дүкенінен ауданның 230 отбасына киім-кешекпен және тағы да басқа тұрмысқа қажетті заттармен тегін қамтамасыз етілді.

      Сонымен қатар, аталған қайырымдылық дүкеннің арқасында жағдайы өте нашар, мүгедек және көпбалалы отбасыларға тегін тоңазытқыш, мүгедек арбасы, таяқ шынтақша, бүлдіршіндерге арналған бесік арбасы, шана, балалар ваннасы, аткеншек, велосипед, тұрмысқа қажетті ыдыс-аяқ тегін қамтамасыз етілді.

     Жыл сайын облыста өтетін «Жыл үздігі – 2016» жастар сыйлығының «Мейірім» жобасы бойынша «Аяла» қайырымдылық дүкені облыстық деңгейде жеңімпаз атанды. Дүкен әр аптаның дүйсенбі-сәрсенбі-жұма күндері кешкі сағат  17:00-18:30 аралығында Ақсай қаласы, 10 ықшамаудан, 12 үйде жұмыс жасайды.

   Осы кезеңге дейін «Аяла» қайырымдылық дүкеніне тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешектер тапсырып жатырған аудан тұрғындарына жастар ресурстық орталығы  алғыс білдіреді.

Толқын Ахметова

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале