15.06.2026, 19:15
Оқылды: 6

Азия чемпионаты: Айбатыр Миразат кураштан күміс жүлде иеленді

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында кураш күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті.

WhatsApp Image 2026-06-15 at 19.26.38

Дүбірлі додаға континенттің 24 мемлекетінен 100-ден астам кіл мықты спортшы жиналды. Халықаралық жарыста ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасының сапында 11 балуан бақ сынады. Солардың ішінде 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз Айбатыр Миразат боз кілемде жоғары шеберлік танытып, турнирдің тұғыр биігінен көрінді.

WhatsApp Image 2026-06-15 at 19.26.38 (1)

Айбатыр Миразат жарыстың іріктеу кезеңдерінде өзінің мықтылығын дәлелдеп, финалға дейін сенімді жетті. Ол алғашқы белдесуінде Ауғанстан балуанын айқын басымдықпен ұтса, екінші кездесуінде кураш күресінің фавориті саналатын Өзбекстан спортшысын қапы қалдырды. Алтын жүлде үшін өткен тартысты шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы алаң иесі — Тәжікстан балуанына есе жіберіп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спорт сарапшылары бұл табысты жас балуанның халықаралық аренадағы үлкен белестерінің бастауы деп бағалап отыр.

Айгерім Төлепова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале