8.07.2024, 21:15
Оқылды: 188

Бәйтерек ауданы: үш ауыл әкімі сайланды

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше Бәйтерек ауданына қарасты үш ауылдық округтың әкімдерін сайлау өткен еді.

IMG-20240707-WA0082

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, Дариян сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 4058 тұрғынның 1238-і дауыс берді. Нәтижесінде аталмыш ауылдық округтің бұрынғы әкімі Тілек Кәкеновке сайлаушылардың 680-і, яғни 60,5 пайызы сенім білдірген.

Құрманғазы ауылдық округінің де бұрынғы әкімі Әдемі Жұманиязова тұрғындардың басым дауысына ие болды. «АМАNAT» партиясының аудандық филиалымен ұсынылған ол сайлаушылардың 87 пайыз дауысын алды. Айта кетейік, Құрманғазы сайлау округі бойынша тізімге 367 сайлаушы енгізіліп, оның 260-сы сайлау учаскелеріне келіп, таңдауларын жасады.

IMG-20240708-WA0063

Ал Рубежин ауылдық округі әкіміне үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған Арман Жұмағалиев басым дауыс жинады. Оған сайлаушылардың 57,5 пайызы сенім артқан. Жалпы бұл сайлау округіндегі 1053 сайлаушының 580-і дауыс беруге келді.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале