8.12.2024, 19:58
Оқылды: 141

Бәйтерек ауданында сайлаушылардың 52 пайызы дауыс берді

Бұрын хабарлағанымыздай, №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бәйтерек ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау аяқтала келді.

IMG-20241208-WA0014

Аталған сайлау округінде орналасқан №157, 162, 163, 165  сайлау учаскелері жұмыстарын аяқтай бастады. Сағат 18-00-дегі мәліметке сәйкес сайлау округі бойынша тіркелген 3261 сайлаушының 52 пайызы өз таңдауларын жасады.

IMG-20241208-WA0007

Егіндібұлақ ауылдық округіндегі №163 сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасаған жергілікті тұрғын Людмила Лапухинаның айтуынша, ауыл тұрғындары бұл сайлаудың маңызын түсінеді. Осы сайлауда жеңіске жеткен кандидат ертең олардың мүддесін қорғап, ауылдың дамуына атсалысатын болады. Сол себепті тұрғындар уақыт тауып, сайлау учаскесіне келіп жатыр. Өзі де отбасы мүшелерімен, ағайын-туыстарымен келіп дауыстарын берген.

Ал Атамекен ауылында орналасқан №165 сайлау учаскесіне бізбен кездескен көп балалы ана Мария Менсейтованың айтуынша, біле білгенге бұл сайлау да өзіндік маңызға ие. Себебі ауылдың дамуына аудандық мәслихат депутаттарының да қосар үлесі зор. Соған орай бүгін ауылдың еңбек ардагерлері, мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, кәсіпкерлер келіп таңдауларын жасады.

IMG-20241208-WA0010

Айта кетейік, аудандық мәслихат депутаттығына үш кандидат бағын сынауда. Сайлаудың әділ әрі талапқа сай өтуін бақылаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері бақылауда ұстап отыр.

Бақыт Болат

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале