Бәйтерек аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде асық атудан 2003-2005 және 2006-2008 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудан чемпионаты өтіп, оған 7 команда, яғни, 28 оқушы қатысты.
Сонымен, айналма түрінде өткен чемпионатта 2003-2005 жылы туған ұлдар арасында Павел Данилов (Егіндібұлақ), қыздар арасында А.Какимжанова (Жамбыл НМ), 2006-2008 жылы туған ұлдар арасында Никита Кирющчев (Егіндібұлақ), қыздар арасында Шұғыла Қалимуллина (Жамбыл НМ) жеңімпаз атанды.
Ал енді командалық есепте І орынды Жамбыл мектебі еншілесе, ІІ-ІІІ орын тиісінше Егіндібұлақ пен Володар орта мектептеріне бұйырды. Сондай-ақ «Белсене қатысқаны үшін» аталымымен Сымбат Амангелді, «Сұр мерген» аталымымен Мейрамбек Қали, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен Наурызбай Актаев және «Үздік ойыншы» аталымымен Дариға Қалмырза марапатталды.
Ертай БИМҰХАНОВ
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер