2.03.2023, 13:00
Оқылды: 26

Бәйтеректе еңбек ардагерлері мен көпбалалы аналар марапатталды

Бәйтеректік бір топ азамат «Еңбек ардагері» төсбелгісімен және көпбалалы аналар «Күміс алқа» наградасымен марапатталды.

5A7DD186-C363-4891-9F63-6BCBCC58A069

Салтанатты шарада аудан әкімі Марат Тоқжанов ауданда түрлі салада еңбек етіп, елдің дамуына тер төккен аға буын өкілдеріне және мемлекетіміздің демографиялық саясатына үлкен үлес қосып келе жатқан алтын құрсақты аналарға алғыс айтып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ұрпақтарының қызығын көруге тілектес екенін жеткізді.

500D3FCD-1B6B-4064-B444-044FB4FCC7F6

Өңіріне «Еңбек даңқы» төсбелгісін таққандардың ішінде Дариян ауылдық округінің Озерный ауылынан келген Самиғолла Жұмағалиев пен Жанұзақ Жатлиев, трекиндік Кәкімжан Замиров, янайкиндік Ақзым Жүнісов, зеленовтық Зейнолла Тасмұхамбетов бар.

Ал ҚР Президентінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы №117 Жарлығымен Азена Мақсотова мен Аида Закупова «Күміс алқа» иегерлері атанды.

Сәлім Мәмбеталиев

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале