26.03.2021, 14:29
Оқылды: 40

Бәйтеректе эпидахуал тұрақты емес

Біраз күн бұрын Бәйтерек ауданында «COVID-19» инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталды. Бүгінде екпе салу науқаны өз ретімен жүруде.

IMG-20210326-WA0020

Вакцина алдымен денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлеріне салынды. Аудандық аурухана директоры Тимуржан Мусағалиев вакцина қабылдауға қарсы көрсетілімдер болмаған жандарға егілгенін айтады.

Бас дәрігердің сөзінше, күні бүгінге дейін екпе 470 адамға салыныпты. Оның 110-ны екпені екінші рет алғандар екен. Алдағы уақытта вакцинаның кезекті легі келмек.

Сонымен қатар індетке қарсы екпе Дариян ауылындағы ауруханада да жүріп жатыр. Дариянда160 адам егіліпті. Бұл ақпаратты бізге аудандық №2 аурухана директоры Ғабитжан Ислямов берді.

IMG-20210326-WA0023

Десе де, эпидахуалды тұрақты дей алмаймыз. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Аят Үмбеталиев қазіргі таңда 90 адам жаман індет жұқтырғанын айтты. Ауруға шалдыққандардың 52-сі симптомды болса, қалған 38 адам симптомсыз екен.

- Індетті жұқтырған азаматтардың 35-і ауруханаға жатқызылды. Олардың 10-ы аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде болса, 17 адам облыстық инфекциялық ауруханасында, 8 адам Оралдағы көпбейінді ауруханасында ем алуда, - деді Аят Үмбетәлиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале