20.03.2024, 10:00
Оқылды: 64

Бәйтеректік оқушы республикалық олимпиада І орын алды

«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен 10-11 сыныптар арасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да өтті.

IMG-20240317-WA0017

 Оқушыларының олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыруды мақсат тұтқан білім сайысының аудандық кезеңі былтырғы 1 желтоқсанда өтті. Оған 23 бәйтеректік өрен қатысты.

Республикалық кезеңде аудан намысын қорғаған Янайкин ауылындағы Т.Бигелдинов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Бегімай Қанатбергенқызы тең құрбысының алды болып, үздік деп танылды.

- Мен кішкентай кезімнен есеп шығарғанды жақсы көремін. Осы жарысқа қатысқанда бәсекелестің көп болатынын сездім. Бірақ І орын аламын деген ой болған жоқ. Республикалық жарыстың есептері өңірлік жарыстың есептеріне қарағанда оңайлау болды. Үш блоктан тұратын есептерді шығаруға көп қиналғаным жоқ, - деді Бегімай Қанатбергенқызы.

Бегімайдың ұстазы, аталмыш мектептің мұғалімі Айсұлу Сариеваның сөзіне қарағанда, шәкірті - сыныбының көшбасшысы, «Алтын белгіге» үміткер. Ол күнделікті үй тапсырмасын әрдайым жақсы орындайды. Аудандық, облыстық олимпиадалардың жүлдегері.

- Біз Бегімай екеуміз осы олимпиадаға жатпай-тұрмай дайындық жасадық, сол еңбегіміз ақталды. Осы бағытынан таймаса, болашақта одан жақсы маман шығарына сенім мол, - дейді Айсұлу Сариева.

 

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале