20-24 мамыр күндері Түркия республикасының Анталия қаласында өткен каратэден әлем чемпионатында ел намысын қорғаған Регина Тугаева алтын тақты.
Бүгін Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушылары мен тәрбиеленушілері әлем чемпионатында топ жарған Регина Тугаеваны құрметпен қарсылап алды.
Бәйтерек ауданына қарасты Володар мектебінің 4-сыныбында оқитын Регина каратэнің (IMGC) түрімен шұғылданады. Жаттықтырушысы – Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жоғары санатты жаттықтырушысы Фархат Жалмурзин.
Әлем чемпионын құттықтаған спорт мектебінің директоры Данияр Дүйсалиев өренге жетістік, табыс тіледі. Оған естелік сыйлық табыстады.
Айта кету керек, Регина бүгінгі таңда Орал қаласындағы спорт клубында жаттығады.
Ертай Бимұханов,
суреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер