10.06.2022, 15:44
Оқылды: 66

«Балдәурен» лагері есігін қайта ашты

Жаһанды жайлаған пандемияның салқыны барлық салаға әсер етті. Әсіресе, білім жүйесі қатты соққы алды. Балалар онлайн оқып, жазғы лагерь дегенді атымен ұмытты. Бірақ биыл жағдай оңтайланып, Жәнібекте «Балдәурен» жазғы демалыс лагері балалар үшін қайта есігін ашты. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған балалар ән айтып, би билеп, уақыттарын тиімді өткізбек.

3E541E51-1ACC-41E4-ADFC-B4828B19689C

Лагерьдің салтанатты ашылуына Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Абдолова, аудандық білім беру бөлімінің мамандары Аққу Нұрғалиева, Гүлмира Қауденова, Айжан Испенбетова, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Меңдігүл Қуанәлиева, аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры Нұртілек Мизамбаев қатысты. Құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары А.Хамитұлы сөйлеп, лагерь жұмысына сәттілік тілеп, балалардың жазғы демалысты ойдағыдай өткізулеріне тілектестігін білдірді.

20E807DE-06F6-45CA-964A-0AF022B20BC0

Шара барысында аудандық саз мектебі жанындағы «Гүлдер» би тобы би билеп, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы «Бард әндер» үйірмесінің тәрбиеленушісі Диас Бейісов гитарамен ән шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Лагерь басшысы Айымгүл Иманғалиеваның айтуынша, лагерьде бір ауысымда 30 бала демалады.

-Жаз бойы лагерь 8 кезеңде жұмыс жасайды. Барлық ауысымда қосқанда 240 бала демалатын болады. 6 мезгіл тамақ беріліп, саяхат күндері ұйымдастырылады. Алла бұйыртса, бассейн де орнатылатын болады, - дейді ол.

Сонымен қатар, аға тәлімгер Мөлдір Мәжитова, тәлімгерлер Айдана Жүнісова, Асылхан Мұстафин, Райымбек Мұқанов балалардың демалысын көңілді өткізуге септігін тигізсе, дене шынықтыру нұсқаушысы Нүркен Тұяқов спортқа баулиды. Медбике Гүлзада Мақсотова балалардың денсаулығын қадағалайды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале