29.11.2022, 18:00
Оқылды: 39

Бас жүлде Сырымдықтарда

Жуырда Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында вокалды-аспапты ансамбльдердің «Әуен - саз» облыстық байқауы өтті. 

IMG_0022

Өнер – халықтың рухани қазынасы. Батыс өңірінде өзіндік орындаушылық шеберлігімен, ерекше талғампаздығымен танылған вокалды-аспапты ансамбльдер аз емес.

Шара ең алдымен конференция жиналысымен басталып, байқаумен жалғасын тапты. Шараға арнайы қатысқан аудандық мәслихат хатшысы Жанар Бисенгалиеваға құттықтау сөз сөйледі. «Бүгін, міне өздеріңізге белгілі болғандай екінші апта Тасқала өңірінде өнер тойы тойланып жатыр. Өткен жұмада өздеріңізге мәлім, құрылғанына отыз бес толған «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблінің мерей тойы атап өтілді. Оған облысымыздың әр ауданынан келген ансамбльдер қатысып, осы жерде «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблін құттықтап сахнамызда өз өнерлер көрсетіп келген болатын. Енді міне тағыда осы тойды жалғастырып жатырған бүгінгі өнер тойы музыка тойы құтты болсын. Бұл тойдың ерекшелігі, біздің ауданымызда алғаш рет өткелі тұр. Бұл байқау вокалды аспаптар ансамблдер байқауы біздің обылысымызда көптен бері өткізіліп келе жатыр. Жақсы үрдіске және дәстүрге айналды. Маңдай алды өнерпаздарды бүгінгі тойларыңызбен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, сәттілік тілеймін», - деді аудандық мәслихат хатшысы Жанар Нұрболатқызы.

Байқау фото

Бүгінгі шараның мақсаты аға буын мен жас өнерпаздарға тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, вокалдық-аспаптық музыканы, әлеуметтік-мәдени ортада жанды әуенді кеңінен насихаттау, ансамбльдердің орындаушылық және шығармашылық деңгейін арттыру, өнерпаздарға, музыкалық ұжымдарға шығармашылық қарым-қатынас ортасын құру болып табылады. Байқауда, қазылар алқасының төрағасы - Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, мәдениет саласының үздігі, әнші-композитор Жаскелең Ғайсағалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Мұхтар Таңатжан, Батыс Қазақстан облысы халық шығармашылығы орталығының директоры, «Өнер саласының үздігі», республикалық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпазы Мәулет Жұбатов, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі Марат Сарбөпеев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы Қуаныш Қисметов қазылық етті. Бүгін тау-тасына тарих тұнған Тасқала төрінде ән көгінде әсем туындыларын қалықтатып, кәсіби деңгейлерін, шеберліктерін шыңдап, үнемі шығармашылық ізденіспен жүретін өнер шеберлері жиналды. Шара шымылдығын халықтық «Тасқала» вокалды-аспапты ансамблі ашты. Он аудан өзара бақ сынасты. Байқауда әр аудан үш ән бойынша өнерлерін паш етті.

Байқау

Бас жүлдені Сырым ауданынан келген «Ақ қайың» вокалдық-аспапты ансамблі жеңіп алды. Жетекшісі – Талғат Шайхиев. І орынды Қуаныш Дүйсенғали жетекшілік еткен қаратөбелік «Жеті әуен» вокалды - аспапты ансамблі жеңіп алды. Ал, ІІ орынды теректілік «Теректі» вокалды-аспапты ансамблі иеленді. Жетекшісі – Асыланбек Шайхин. ІІІ орынды Бөкейордалық Халықтық «Нарын» вокалды-аспапты ансамблі ие болды. Жетекшісі – Ермек Елтаев. Байқау қатысушыларына алғыс хаттар табысталса, жүлделі орын алған қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Байқау фото Әуен саз

«Сырым ауданынан келдік. «Ақ қайың» вокалды аспаптар ансамблінің мүшесімін. Бүгінгі өткізілген байқауды өткізулері өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сахнаның көрінісі апаратураның құрылысы барлық қатысушылар жоғары деңгейде ойнады. Енді бұл байқаудың мақсатына тоқталсақ болашақта тірі дауыста, жанды дауыста айту, аспапта орындау деген сияқты болашақта дамыту деп түсінеміз. Жалпы бұл ұрпақтар сабақтастығы. Мен зейнеткермін. Қазір арамызда жастар бар, біз соған қуанамыз. Жастардың көбейгені болашақта артымызда болатын ізбасарлар көп болады деп ойлаймыз. Бас жүлде алғанымызға қуаныштымыз. Негізі мына вокалды аспапты ансамбльге маман ретінде айтар болсам, ансамбль мүшелері аспапта ойнау керек, әрі ән айта білу керек. Негізінен бір кемшілігі ансамбль мүшелерінің көбісі тек аспапта ойнайды екен. Ансамблдың жігіттері екеуінде шебер меңгерген уақытта ғана жақсы топ шығады. Әр әнді орындау өте қиын нәрсе. Сондықтан болашақта осы жәйді жолға қойса деп ойлаймын. Барлығы жоғарғы деңгейде өтті. Өте қуаныштымыз», - деді сырымдық Салтанат Жұбаниязова.

Байқау соңында жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Гүлмира Мақанова

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале