Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Ақжайық ауданында болып, аудандағы құрылыс нысандарын көрді.
Өңір басшысы алдымен құрылысы өткен жылы басталған мектеп-гимназияның ғимаратын қарап, мердігер компанияның жұмысын тексерді.
Аудан басшылығына құрылысы ағымдағы жылы бітетін нысанның уақытылы әрі сапалы аяқталуын назарда ұстауды тапсырды. Аталмыш нысанды "Алтим" ЖШС жаңа оқу жылы басталғанша тапсыруы тиіс.
Сонымен қатар жуық арада тұрғындарға тапсырылғалы тұрған 24 пәтерлі үйдің жай-жапсарымен танысып, құрылыс сапасына оң баға берді.
Облыс басшысы күрделі жөндеуден өткен орта мектеп пен ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында болып, жұмыс сапасын тексеріп шықты.