21.09.2021, 11:11
Оқылды: 81

«Бөбекке» – 10 жыл

Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Балабақша – әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтінде көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Осы тұрғыда «Бөбек» балабақшасының басшысы Сандуғаш Жанжігітовамен пікірлескен едік.

 IMG-20170315-WA0010

Балалабақшада сабырлықты пен шыдамдылықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады. Өйткені бұл мамандық иелеріне ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындырып, тәрбие дәнін егіп, елжанды азамат етіп тәрбиелеу міндеті жүктелген. Отбасында еркелеп, өз дегенін, қалауын орында тып қоятын ерке балалар да жоқ емес. Бірі үйдің кенжесі, бірі тұла бойы тұңғышы. Бірақ балаларға бірдей тәрбие беріп, бірыңғай тәртіп ке баулитын ортатағы да сол балабақша. Осындай балабақшалардың бірі ауданымыздағы «Бөбек» бөбекжайы. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген «Бөбек» бөбекжайына биыл мерейлі 10 жыл толып отыр. Бөбекжай ғимараты алдымен балабақша, одан кейін бастауыш мектеп, артынан «Сәулет» мектеп-гимназиясы болып, 2011 жылы 9 қыркүйекте «Бөбек» балабақшасы ретінде пайдалануға берілді. Содан бері көзді ашып, жұмғанша он жыл да өте шықты. Осы он жыл ішінде бөбекжайдың жақсы жетістіктерге жетуі, ұжымымыздың еңбегі, біліктілігі мен білімінің жемісі деп білеміз. Бөбекжай – білім мен ортаға бейімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші – сол бөбекжайдың жүрегі. Бұл мамандықтың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдарында өсіп, дамып келе жатырған жас ұрпақпен жұмыс істеу. Бөбекжайдың жобалық қуаттылығы 105 орын. Қазір тәрбие-оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін жас ерекшеліктеріне сәйкес жеті топ жұмыс жасап, 114 бала мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Заман талабына сай дене шынықтыру залы, музыка залы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті, педагогикалық қонақжай бөлмесі, педагог-психолог кабинеті бар.«Бөбек» бөбекжайы ұжымының ұйытқысы болған тұңғыш басшы Шүкірова Гүлнар Қалиқызының тәлімін алып, ізін жалғаған ізденімпаз, іскер басшы Жанжигитова Сандуғаш Ерсаинқызы балалардың жан-жақты, үйлесімді жетілген тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда. Бөбекжайда барлығы 48 қызметкер бар, олардың 23-і педагогтер. Биылғы оқу жылында бөбекжайдың педагогикалық сапалық құрамында 23 педагог жұмыс жасауда.

AIUW1824 (1)

«Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік» - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, бөбекжай педагогтері әрбір күнін ізденіспен өткізеді. Бөбекжайдағы ұйымдастырылған оқу қызметтері бес сала бойынша іске асады. Тілін дамытып, ортаға бейімделуге, қарым-қатынасқа икемдейді. Математика негіздерін қалыптастыру арқылы оң мен солын, ұзын-қысқа, үлкен-кішісін ажыратуды үйретеді. Жапсыру, мүсіндеу, сурет салу, музыка сабақтарында шығармашылықтарын дамытады. Түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдейді. Қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Педагогтар ұжымы бөбекжайда оқу-тәрбие процесінің ізгілендіру тұрғысындағы ұстанымдарды іске асыруда.

Тұңғыш Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында балалардың бойында рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиені қалыптастыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі – ұлттық ойынымыз «Асық».

Ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатырған байлығымыз, асыл қазынамыз - ұлттық ойынымыз асықты жаңа заман талабына сай модернизациялап, жаңғыртып, жаңартып, бала дамуына пайдаланып отырған бөбекжай «Алтын сақа» жобасын биылғы оқу жылында, облыс көлемінде «Зияткер ұрпақ – жарқын болашақ» эксперимент алаңы ретінде енгізіп, одан әрі дамытпақ. Дәстүріміздің қазынасы болған ұлттық ойынымызды енді кішкентай балақайлар бөбекжай қабырғасынан үйреніп, болашақта одан әрі қарай дәріптеуі құба-құп.

Болашақ ұрпаққа өнегесін үйретіп, ұқыппен жеткізетін, өз Отанының тарихын, салтын, дәстүрін құрметтейтін және ана тілін білетін шынайы патриоттарды тәрбиелеу мақсатында ауданымыздағы Майра Әбуқызы жетекшілік ететін «Ақтілеу» әжелер ансамблімен бірігіп, бөбекжай жанына «Өнеге» әжелер мектебі құрылды.

Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім мен тәрбие беруде бөбекжай ұжымы біраз жетістіктерге қол жеткізді. Бөбекжайпедагогтары үнемі шығармашылық ізденіс жолында жүреді. Республикалық, облыстық, аудан көлемінде түрлі тақырыптарда семинарларды ұйымдастырып, өткізумен қатар, өзге педагогтермен тәжірбиелерімен бөліседе.

2019 жылы Алматы қаласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстандық мектептіңзаманауи үлгісі, үдерісі және даму болашағы» тақырыбындағы семинар-кеңесте бөбекжай басшысы Сандуғаш Жанжигитова Құрмет грамотасымен және арнайы сертификатпен марапатталды. 2019 жылы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспарының вариативтік бөлігін ұйымдастыру» өңірлік семинарына белсене қатысып, «Ұлтымыздың асық ойыны тәлім –тәрбие көзі» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін бейнелеу өнерінің мұғалімі С.Ғаппаров алғыс хатпен марапатталды.

2020 жылы дәстүрлі республикалық тамыз кеңесінде «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін іске асыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету» атты секция отырысында бөбекжай басшысы Сандуғаш Ерсайынқызы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында рухани-адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеудің негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балаларды дәстүрлі құндылықтарға баулу» тақырыбында педагогтермен тәжірибедегі жаңалықтарымен бөлісті. Сол жылы тамыз конференциясы аясындағы «Шығармашылыққа шектеу жоқ» облыстық педагогикалық инновациялар шеберханасында бөбекжай педагогтері А.Макашова, Э.Иса іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін сертификатқа ие болды. 2021 жылы «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, Алматы облысының білім басқармасы «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық ізденістер мен тәжірибелер» атты республикалық онлайн семинарында «М.Шичида әдістемесі бойынша балаларды ерте жастан бастап дамыту» тақырыбында бөбекжай педагог-психологі Э.Иса іс-тәжірибесімен бөліскен. 2021 жылы бөбекжайдың педагогтері «Танымдық-зерттеушілік қызмет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік қабілеттерін, танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық бастамаларын дамыту» тақырыбында аудан көлемінде семинар ұйымдастырып, бөбекжайда балалармен, ата-аналармен жүргізілген зерттеу жұмыстары барысындағы іс-тәжірибелерімен бөлісіп, «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи трендтері» атты аудандық тамыз кеңесінің кезекті секциялық отырысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бөбекжайдың жоба жұмыстарын таныстырды. Бөбекжай педагогтері білім, өнер, спорт саласында топ жарып, облыс, аудан көлемінде ұйымдастырылған байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінуде.

2019 жылы «Табысты білім берудің заманауи моделі» атты облыстық байқауда С.Жанжигитова, А.Макашова, Ф.Ибатова «Креативті білім беру ұйымы» аталымымен марапатталып, сертификаттарға ие болды. Аудандық «Үздік жобалық жұмыс» атты сырттай байқауында Э.Иса I орынмен марапатталды. 2020 жылы аудандық мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері арасында өткізілген «І Денсаулық спартакиадасында» бөбекжай командасы бас жүлде мен ауыспалы кубокты жеңіп алған. Ұстаздар мерекесіне орай мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арасында оздырылған «Ұстаз – ұлы есім» атты аудандық онлайн бейнебаянбайқауында А.Макашова ІІІ орын алғаны үшін дипломмен марапатталды. 2021 жылы «Оқу жоспарының вариативтік бөлігіне арналған үздік авторлық бағдарлама» атты облыстық онлайн байқауында С.Ерсайынқызы, А.Макашова ІІ орынмен марапатталып, «Үздік мұғалім-дефектолог» аудандық онлайн байқауында Н.Қожымбетова жүлделі ІІ орынға ие болды. Педагогтермен қатар кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналар да бөбекжайдың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Облыстық, аудандық жарыстарда бақтарын сынап, жүлделі орындар иеленіп жүрген балақайлар бөбекжайдың жарқын үміті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін аудандық мәдениет, тілдері дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен «Ана тілім – дана тілім» атты балабақша тәрбиеленушілері арасындағы аудандық байқауға бөбекжай балақайлары үзбей қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді. 2019 жылы бөбекжай тәрбиеленушілері «Бөлбөбек театры – 2019» атты аудандық қазақ халқы ертегілері театры байқауында ІІІ орынмен марапатталды. 2020 жылы бөбекжай тәрбиеленушілері «Ертегілер елінде» атты мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы аудандық байқауында ІІ орын алған. 2021 жылы облыстық «Ойнайық та, ойлайық» атты мектепке дейінгі ұйымдардың өзге ұлт өкілдері тәрбиеленушілеріне арналған байқауда бөбекжай тәрбиеленушісі Журавлева Ева Владимировна II орынмен (тәрбиешілері Н.Ж.Кужаева, М.Н.Наурзалиева) марапатталды. Осы жылы аудандық «Ана тілің-арың бұл» өлеңдер, ертегілер, әңгімелерді мәнерлеп оқу челленджіне балабақша тәрбиеленушісі Айаш Айнамкөз тәрбиеші Тойлыбаева Қаламқас және анасы Аманғалиева Арайлыммен бірге қатысып, «Педагогпен және ата-аналармен үздік өнер көрсету» аталымымен марапатталып, облыстық кезеңге ұсынылды. Балапандарының үлкен жарыстарда топ жарып жүлделі орындарға ие болуы үшін ата-аналар да педагогтерден көмектерінаяған емес. Үнемі қолдау көрсетіп, балаларды дайындауда қолұштарын созып отырады. Бұның өзі ата-аналар мен педагогтің арасындағы тығыз, берік байланыстың, сыйластық пен құрметтің бар екендігін көрсетеді. Өйткені ұрпаққа тәлім беруде білім сапасын жақсарту жолында балабақша, ата-ана және бала үштік одақ болып жұмыла белсенділіктанытса, оң нәтижеге қол жеткізу аса қиынға соқпайды. Бөбекжайға тарыдай болып қабылданған әрбір балақай бақытты балалық шағының үш жылын бөбекжай қабырғасында өткізіп, мектеп табалдырығына аяқ басады. Бүгінде бөбекжайдан түлеп ұшқан түлектер ауданымыздағы мектептердің озат оқушылары. «Бөбек» бөбекжай ұжымын мерейлі 10 жыл толуымен құттықтай отырып, шығармашылық жетістіктер мен биік белестерді бағындыра берсін деп тілейміз! Ел тәрбиесі мықты болса, келешек ұрпақтың ұлтжанды үлкен азамат болып өсеріне сеніміміз мол!

 

Әсет Баян,

Тасқала ауданы        

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале