Республика күні қарсаңында Бөкей ордасы, Сайқын ауылдық округіне қарасты Жәрмеңке елді мекенінде күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтті.
Мемлекетіміздің Әнұранымен басталған шара барысында аудан басшысы Нұрлыбек Даумов жәрмеңкеліктерді мерекемен құттықтап, ағымдағы жыл бөкейліктер үшін құрылыс жылы болғанын айтып өтті.
Естеріңізге сала кетсек, биыл бір ғана Хан ордасындағы бірқатар нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, Нұрлыбек Даумов мәдениет үйінің аумағын қоршау және қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету де жоспарда екенін жеткізді.
Жалпы жөндеу жұмыстарына 22 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Аталмыш ғимаратта кітапхана да орналасқан.
Салтанатты жиында жәрмеңкеліктердің назарына шағын концерт ұсынылды. Бүлдіршіндер өлең оқыса, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Жоламан Сисенғалиев суырып салма ақындығымен көрермен көңілінен шықты.
Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz