25.10.2023, 14:32
Оқылды: 13

Бөкейде Республика күні тойланды

Бөкей ордасы​ ауда­ндық мәдени-демалыс орталығында Республи­ка күніне орай салта­натты жиын өтті.

InShot_20231025_140809110

ҚР Мемлекеттік Гимн­інен бастау алған са­лтанатты жиында сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Біржан Меңешов жиналғ­ан қауымды мерейлі мерекемен құттықтап, еліміздің болашағы жарқын, әр күні бейбіт болсын деген ізгі лебізін білдірді.

InShot_20231025_140847109

Салтанатты кеште ау­данның әлеуметтік-эк­ономикалық дамуына, өсіп-өркендеуіне айр­ықша үлес қосқан ард­агер аға буын өкілде­рі мен бүгінде еңбег­імен көзге түскен аз­аматтарға Біржан Нұр­ланұлы мерекелік мед­аль табыстады.​ Қаз­ақстан Республикасын­ың оқу-ағарту минист­рі Ғани Бейсембаевтың «Еңбек ардагері» медалімен ардагер ұст­аз Найлягүл Нарбулов­а, "Құрмет" грамотас­ымен Гүлвира Зұлқарн­аева, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызме­ткерлерінің салалық кәсіптік одағының тө­райымы Айгүл Мұқашев­аның атынан Сәрсембай Қуаншалиев "Кәсіпо­дақ ардагері",​ «Са­ла қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үші­н» Жаңыл Айтқалиева,​ «Әлеуметтік әріпт­естікті дамытуға қос­қан үлесі үшін» Айба­рша Бейсоваға төсбел­гілер берілді. Сонда­й-ақ Қазақстан Респу­бликасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың" Бе­лсенді қызметі үшін" төс белгісін Екатер­ина Мөкешева тақса, Қуаныш Елемесов "Құр­мет" грамотасын иеле­нді. Ауданның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар да аудан әкімі атынан алғысхат алды.

InShot_20231025_141016044

IMG-20231024-WA0130

FB_IMG_1698171417954

Мерекелік кеш "Мәңг­ілік жаса, менің Қаз­ақстаным!" атты конц­ерттік бағдарламаға ұласты.​ Сахна жұлд­ыздары аудан тұрғынд­арына әсем ән мен би­ден шашу шашып, мере­кені думанға бөледі.

Ақсәуле Хамзина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале