9-11 желтоқсан күндері аралығында Орал қаласындa Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып өткізілген мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада Бөрлі ауданы әкімдігінің командасы жеңімпаз атанды.
Аталған спартакиада екі кезеңде өтті. Алғашқы кезең шахмат, үстел теннисі, футзал, екінші кезең волейбол, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, жүзу спорты түрлері бойынша өткізілді.
Қорытынды бойынша Бөрлі аудандық командасы волейболдан (әйелдер) І орын, жүзуден І орын, қазақ күресінен ІІ орын, тоғызқұмалақ бойынша ІІІ орынды иеленді.
Жалпы командалық есепте Бөрлі ауданының құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінді.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz