12.12.2021, 15:30
Оқылды: 92

Бөрлі ауданы әкімдігінің командасы облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанды

9-11 желтоқсан күндері аралығында Орал қаласындa Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып өткізілген мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада Бөрлі ауданы әкімдігінің командасы жеңімпаз атанды.

06B23C60-E42D-45A0-A8CF-4622BA0A7B30

Аталған спартакиада екі кезеңде өтті. Алғашқы кезең шахмат, үстел теннисі, футзал, екінші кезең волейбол, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, жүзу спорты түрлері бойынша өткізілді.

3122413A-99FC-42B9-90C4-09AE216B2B3E

Қорытынды бойынша Бөрлі аудандық командасы волейболдан (әйелдер) І орын, жүзуден І орын, қазақ күресінен ІІ орын, тоғызқұмалақ бойынша ІІІ орынды иеленді.

Жалпы командалық есепте Бөрлі ауданының құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале