Бәйтерек ауданындағы Көшім, Махамбет және Щапов ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтуде.

Сайлау учаскелері Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, сағат 7:00-де дауыс беру басталды.
Көшім ауылдық округінде 2654, Махамбет ауылдық округінде 1666, ал Щапов ауылдық округінде 1316 сайлаушы бар.
Щапов ауылындағы №171 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып хореограф Жанна Бахтиярова дауыс берді.
«Таңертең ерте келдім. Өйткені бұл – менің азаматтық борышым әрі міндетім. Сайлауда өз міндетімді орындап, дауыс беру біз үшін өте маңызды», – деді Жанна.
Ал Көшім ауылындағы №175 сайлау учаскесінде сайлаушыларды ақ дастарқан жайып, бауырсақ ұсынып, көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуда.
Осы учаскеге таңмен келген 18 жастағы Владислав Ялфимов алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

«Таңмен келіп, алғашқы рет дауыс беріп отырмын. Алғашқы дауыс – азаматтық жауапкершіліктің бастауы. Бұл – әр жас үшін маңызды қадам әрі өз ұстанымыңды білдіруге берілген мүмкіндік», – дейді жас сайлаушы.
№175 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Манат Тұрсынғалиев жас сайлаушыға естелік сыйлық табыстады.
Гүлім Орда,
Бәйтерек ауданы