27.09.2026, 14:40
Оқылды: 7

Тарихи сананы қалыптастыру мектеп оқулығынан басталса...

Жайық өңірінің тарихи мұрасына арқау болған жиында білім беру саласындағы тарихи сананың қалыптасуы мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

IMG-20260927-WA0032_edit_134584547757929

Фото: Мәди Салық

«Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» тарих пәнінің мұғалімі Құбаш Меңдіғалиев мектеп оқулықтарындағы Жошы ұлысы кезеңінің қамтылуына қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, оқушылардың тарихи танымын қалыптастыруда қазақ мемлекеттілігінің тамырын тереңнен көрсететін кезеңдерді жан-жақты оқытудың маңызы зор.

– Менің ойымша, мектеп оқулықтарында тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық идеяны орнықтыруға қатысты әлі де бірқатар олқылықтар бар. Әсіресе Қазақстан тарихын оқыту барысында Алтын Орда мен Жошы ұлысы кезеңіне жеткілікті деңгейде мән берілуі қажет деп есептеймін. Қазіргі мектеп бағдарламаларында патшалық Ресей кезеңі мен кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы кеңірек қамтылып жатады. Әрине, бұл кезеңдердің де еліміздің тарихындағы өзіндік орны бар. Алайда қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын терең түсіну үшін одан әлдеқайда бұрынғы тарихи кезеңдерді, соның ішінде Жошы ұлысы мен Алтын Орда дәуірін жан-жақты оқытудың маңызы зор. Шыны керек, бүгінгі таңда оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығы біз қалаған деңгейде емес. Мұның бір себебі – тарихи материалды оқытуда ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу жолын тұтас әрі сабақтастық тұрғысынан көрсете алмауымыз деп ойлаймын. Сондықтан оқушыларға халқымыздың мемлекеттілік тарихындағы жарқын кезеңдерді, мемлекет құрылымы берік қалыптасқан дәуірлерді кеңінен таныстыруымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, Жошы ұлысының тарихын мектепте оқытуға ерекше назар аударған жөн, Мектептерде оқу процесін ұйымдастыруға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар бар. Сол жоспарларда Жошы ұлысының тарихын кеңірек қамтуға мүмкіндік қарастырылса, оқушылардың осы кезең туралы білімін тереңдетуге жол ашылар еді, – дейді Құбаш Сағидоллаұлы.

Ұстаздың пікірінше, кез келген мемлекеттің ұлттық идеясы оның тарихи жадынан бастау алады. Сондықтан Жошы ұлысының саяси және рухани мұрасын мектеп бағдарламасында кеңінен қамту жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Гүлжамал Жолдығали, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале