16.09.2021, 10:23
Оқылды: 137

Бөрліде республикалық чемпионат басталды

 

Бөрлі ауданында самбо күресінен республикалық чемпионат басталды.

самбо

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2005-2006 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты осымен ауданымызда екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл байрақты бәсекеге еліміздің Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Байқоңыр, Шымкент қаласының командалары қатысты.

самбоо

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, Бөрлі ауданының мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев, ҚР самбо күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Жандос Кемелбаев, БҚО самбо федерациясының вице президенті, БҚО дзюдо күресі федерациясының президенті Рустам Шайхиев, БҚО самбо федерациясының вице президенті Саламат Сартеков, Самбо күресінен ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы, ҚР самбо күресінен жастар мен жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушы Райбек Мендіғалиев, самбо күресінен спорт шеберлері арасында алты дүркін Әлем чемпионы Қазболат Құрмашев, самбо күресінен ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы, Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы Берік Жұмағалиев, самбо күресінен төрт дүркін Әлем чемпионы Ерболат Байбатыров, самбо күресінен Әлем чемпионы Нұрбол Серіков, самбо күресінен екі дүркін Азия чемпионы Темірлан Көлбай, Паратаеквондодан Азия және Еуропа чемпионы Мәлік Мұқашевтар қатысты.

сам

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі алғы сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, чемпионат 17 қыркүйекке дейін жалғасады.

 

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале