Бұл туралы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың есептік кездесуі кезінде Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов баяндады.
Оның сөзіне қарағанда, округта шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Қазір мұнда 480 кәсіпкерлік нысаны бар. Былтыр стомотология, демалыс аймағы, шағын маркет, кафе-сауна іске қосылса, 9 қабатты үй, мейрамхана, супермаркет, сауна, автокомплекс, сауда ойын-сауық кешенінің құрылыстары басталды. Тартылған 3,244 млрд теңге жеке инвестицияның үштен бірі «Мар-Эль» шаруа қожалығына тиесілі. Олар таунхауз, автосервис салып, техника алған. Ал «Уразбаева» ЖК 800 млн теңгеге жол, таунхауз салып, коммуникация тартқан. Көкөніс сақтау қоймасын салуға «Жана Алем» шаруа қожалығы 350 млн теңге қаржысын жұмсаған. «Бұл инвестициялар ауылдық округтің дамуына, яғни абаттандыруға, салықтық базаның артуына, қосымша жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді» - деді Максим Болатұлы.
Ауыл әкімінің айтуынша, былтырғы есептік кездесулерде негізінде 6 мәселе өзекті деп табылған, жыл соңына дейін олар шешімін тапты. Біріншісі, қоғамдық көлікке қатысты. Яғни тұрғындар №47 көліктің кешке сағат 5-6-дан кейін тоқтап қалатынына назары болды. Соған орай аталмыш маршруттың орнына сағат 8-ге дейін жүретін №3 автобус қатынайтын болды. Көше жарығына қатысты төрт мәселе күн тәртібіне шығарылды. Нәтижесінде Магистральная көшесіне 36 жарық шамы қойылып, Светлая, Октябрьская көшелерінде қосымша 8 шам ауыстырылған. Асан ауылдындағы көше жарығы теңгерімге алынып, жарықтар қосылды. Сондай-ақ, екі подстанция орнатылды. Соңғысы Жамбыл ауылындағы мектеп құрылысы турасында. Заманауи білім ұясы жаңа оқу жылында есігін айқара ашқаны белгілі.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан ауылішілік жол, балалар алаңын салу, көшедерді жарықтандыру және т.б. сауалдар жолданып, оларға аудан, ауыл әкімдері, құзырлы құрылым жетекшілері жауап берді.
Нұрсәуле Әбілпейсова,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz