2.07.2024, 14:35
Оқылды: 126

Дариянда аудан әкімінің қабылдауы өтті

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов Дариян ауылдық мәдениет үйінде болып, Приурал аумағының тұрғындарын жеке сауалдарымен қабылдады.

FC52AD34-5921-4C9D-BE37-85571B4E155E

Қабылдауға алғашқы болып келген Мұстафа Умурбеков Раздольный ауылдық округінен жер алып, су қоймасын жасап, балық түрлерін дамытсам деген жоспарына қолдау сұрады.

Табиғатқа залал келтірмей оны тереңдету жолындағы өз ойымен бөлісті. Ол сұрап отырған учаске құжатта жайылымдық жер ретінде тіркелгенін айтты. Картамен салыстырмалы түрде қарап отырып, ауыл тұрғынының өтінішін тыңдаған аудан әкімі өзеннен су алуға экологиялық заңға сай рұқсат бермейтінін кесіп айтты.

Әрі су қоймасын 4-5 метрге тереңдету қомақты қаржыны талап ететінін, бұл өз кезегінде қиындық тудыруы мүмкін екенін талқылады. Инвесторлар болса, бұл мәселені қарауға болатынын, ал су көтерілуі ықтимал шақта әрбір тұстан жауып қоям деген жоспардың осал екенін жеткізді.

Қабылдауға жер алып, кәсіп ашу ниетімен тағы бір тұрғын жолықты. Мақсатсыз пайдаланылып немесе пайдаланылмай жатқан жерлерді сату, сатып алу жөніндегі ашықтық турасында сұрап, осы бағытта сыбайлас жемқорлықтың болуына жол берілмеуін қадағаласаңыз деген өтінішін білдірді.

5C0D4EA3-05C9-40CB-A48B-D615D97FF34F

Аудан әкімі барлық сатылатын жерлердің бәс саудаға шығарылатынына тоқталып, жоғарыда аталған жағдайлар бойынша аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы Александр Полежаевқа тексеріп, бос жатқан жерлер анықталса мемлекеттің меншігіне қайтаруға жұмыстануға тапсырма берді.

Аудан әкімі ауылда кәсіп ашам деушілерге әркез қолдау танытуға ниетті екенін жеткізіп, бұл бағыттағы «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін де айтып өтті.

Сондай-ақ бұл күні қызмет барысындағы электронды құжаттар айналымын жұмыс кестесінен кейінгі уақытқа кешіктірмеу жөніндегі сауалымен келген тұрғын өтінішін ескерген аудан әкімі Марат Тоқжанов әкім аппаратының басшысы Болатбек Ахметжановқа бұл түйткілді тексеріп, қызметкердің жеке уақыты мен қызметтік міндетіне артық жүктеме түскен жағдайда шара алуды жүктеді.

Келушілерді толғандырған тағы бір сауал су тасқынынан зақым келген баспана, тұрмыстық техника мен жиһаздардың құнын өтеу жөніндегі өтініштер болды. Аудан әкімі бұл сұраққа қатысты заң аясында аталған мәселелердің реттелуде екенін түсіндірді.

Гүлім Орда

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале