11.06.2021, 14:17
Оқылды: 15

Екпе қабылдауға шақырамын

Вакциналау көптеген инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында ертеден-ақ кең қолданылып келеді. Адам инфекция қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурудан қорғанудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі вакциналау ағзаның табиғи қорғаныс механизмдерін қолдана отырып, көптеген жұқпалы ауруларға төзімділікті арттырады және иммундық жүйеңізді күшейтеді деп ойлаймын. 

вв

Қазіргі таңда вакциналау – инфекциялық аурудың алдын алып, адам өмірін сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Егер вакцина алсақ, біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғаймыз. Кейбір адамдарға, мысалы ауыр науқастарға белгілі бір вакцина алуға болмайды. Сондықтан олар ауру таратпау үшін басқа адамдардың вакциналауына тәуелді.

«Балбөбек» бөбекжайы қызметкерлері де өз еріктерімен вакцина салдырды. Бірінші және екінші кезеңінде де ауырсыну болған жоқ. Өзімде де жағымсыз жағдай болған емес. Сол себепті індеттің алдын алу мақсатында екпе қабылдауға шақырамын.

 

Фарида Әкімғалиева,

«Балбөбек» бөбекжайы» МКҚК меңгерушісі

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале