Төтенше жағдай және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 31 наурызда республикалық телеарналар арқылы мәлімдеме жасады.
Президенттің мәлімдемесі дер кезінде жасалып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дүниені жайлаған жұқпалы вирустың кең таралмауының алдын алу максатында төтенше жағдай жарияланды. Қиын кезеңде ел халқы тәнті болған медицина саласының және полиция қызметкерлерінің және карантиндік жұмыстардың алғы шебінде қажырлы қызмет еткендерге, сонымен қатар төтенше жағдай кезінде түсіністік танытқан ел халқына ризашылығын айтты.
Үш ай бойына дәрігерлерге қосымша үстемақы төленетін болды. Шағын және орта бизнесті қолдауға, ауыл шаруашылығын өркендетуге баса назар аударды. Көктемгі егіс жұмыстарына 100 млрд. теңге қаражат бөлінетін болды. Осындай ауқымды істердің жүргізілетіндігі халықтың жұмысқа деген жігерін арттырады.
Мәулен Қожахметов
Қаратөбе аудандық
қоғамдық келісім
кеңесінің төрағасы
zhaikpress.kz