30.04.2021, 12:02
Оқылды: 44

Гүлназдың жеңісі – ауданның мерейі

26 сәуір күні Орал қаласында 2004-2005 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталған болатын. Жарыстың алғашқы күнінде боз кілемде бұрымды қыздар бақ сынады. Аталмыш жарыста Батыс Қазақстан облысының құрама сапында өнер көрсеткен Жаңақала аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Гүлназ Серікқалиева 65 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

9B947CCB-5338-4723-B1F6-B791862C6ABB

Сондай-ақ осындай салмақта балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Әмина Зиноллаева да боз кілемде қола жүлде үшін белдесуде қарсыласына ұпай санымен есе жіберіп, жарысты қорытындылады. Бұрымды палуандардың жаттықтырушысы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі «Қазақ күресі» бөлімінің жаттықтырушысы, ұлттық дәрежедегі төреші Замир Батыров. Төрт күнге созылған жарыстың соңғы күні, яғни, 30 сәуір күні боз кілемге қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Айбек Ишанов баптайтын, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы, БҚО құрамасы үміт артып отырған белгілі жас палуан Айбатыр Миразат боз кілемге шығады. Айбатырдың алдағы дүбірлі додада жеңістің биік тұғырынан көрінуіне тілекшіміз!

Ақсәуле Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале