24.09.2025, 13:00
Оқылды: 147

Қадырбек – ел чемпионы

Жуырда Астана қаласында панкратионнан Amateur ММА бөлімі бойынша ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
image-24-09-25-12-18-1
Бұл додада тасқалалық Қадырбек Шынбаев 71 келі салмақта бақ сынап, барлық қарсыласын жеңіп, ел чемпионы атанды. Қадырбек бұл жеңісін көптен күткен нәтиже деп есептейді. Чемпионатты жеңіспен аяқтаған спортшының қуанышы шексіз. Жерлестері оны аудан шекарасынан қарсы алды. Аудандық спорт клубының басшысы Махамбет Дүйсенбиев пен алғашқы бапкері Айбек Шынбаев жас спортшының жетістігін зор мақтанышпен атап өтіп, алдағы жарыстарда да еліміздің көк туын әлем ареналарында желбіретеді деген сенімін білдірді.
– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Төрт кездесу өткіздім. Барлық қарсыласым өте мықты болды. Маңғыстаулық спортшымен финалдық кездесуде қарсыласымнан басым түсіп, осы жеңіске жетіп отырмын. Бұл жетістік – жанкүйерлерім мен қолдаушыларыма, мені дайындаған бапкерлеріме, достарыма және отбасыма айтқан алғысым. Өзімнің жеңісімді мақтан тұтып, одан әрі тоқтап қалмай, алдағы Азия чемпионатына дайындықты бастаймын, – деді Қадырбек Шынбаев.
image-24-09-25-12-18
Қадырбектің Қазақстанның атын шығарып, әлемнің үздік спортшылары арасында өз орнын табуға деген ұмтылысы зор. Спорт әлеміндегі жоғары шыңға жету үшін бар күш-жігерін салатыны анық. Ендеше Қадырбекке алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көріне берсін дейміз.
Болатбек Сапарғалиев,
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале