21.10.2022, 21:18
Оқылды: 64

Қайта өрлеген өлке тойы тойланды

Бөкей ордасы ауданының қайта құрылғанына елу жыл толған тойы аталып өтілді.

IMG-20221021-WA0245
Бұл күн алыс-жақындағы ағайынмен табысып, арқа-жарқа болған мереке болды. Көптен көріспеген ауылдастардың қуанышы шараға ерекше жылылық сыйлағаны анық.

IMG-20221021-WA0261

Алдымен шараға жиналған қауым Мәншүк Мәметованың, күйшілер аллеясындағы ақын-күйшілеріміздің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

IMG-20221021-WA0255
Бұдан соң той қонақтары елу түп көшет отырғызды. Бұл бір елдің тойынан қалған жақсы бір тәбәрік болары анық.

IMG-20221021-WA0234
Айтулы шарада қос кітаптың тұсауы кесілді. Нарын қасіретін тақырып еткен тарихшы ғалым Бақтылы Боранбаеваның "Капустин яр: қазақ депортациясы" кітабы мен Исатай Құрмашевтің "Құм Нарынның баласымын" атты поэзия жинағының таныстырылымы өтті. Бағдарлама салтанатты шараға жалғасты.

IMG-20221021-WA0235

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарына "Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы" атағы беріліп, мерекелік медальмен марапатталды.

IMG-20221021-WA0225
Көршілес Жәнібек, Казталов аудандарынан келген делегация ордалықтарды ортақ тойымен құттықтап, тарту-таралғыларын табыстады.

IMG-20221021-WA0201
Салтанатты шара аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.

Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале