Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев мәлімдеді.
Ауылдарға таза ауыз су құбырын тарту жұмыстары жалғаса бермек. Аудан бойынша 22 елді мекеннің 13-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Яғни, аудан халқының 91,3 пайызын құрайды.
Айта кетейік, жуырда ғана құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған Қаратөбе су қоры көзінен Үшана ауылына дейінгі 5 елді мекенде сумен жабдықтаумен жұмыстары аяқталған еді. Елді сапалы ауыз сумен қамтыған жобаға бюджеттен 915 041 96 млн. теңге бөлінген. Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 128, 762 шақырымды құрайды.
zhaikpress.kz