Бүгін Қаратөбе ауданы орталығындағы Даңқ мемориалы басында Ұлы Жеңістің 79 жылдығы мерекесі аталып өтті.
Мәңгілік алау басында аудан әкімдігі мамандары мен ардагерлер және мекеме басшылары мен қызметкерлер сап түзеп, туған жеріне оралмаған жерлес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жанқиярлықпен майдан даласында жаумен шайқасқан жерлес жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жеңісті жақындатуда тыл ардагерлерінің ерен еңбектері ерекше зор болды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс тарихта мәңгі қалды.
Соғыс ардагерлерінің ерліктері мен ерен еңбектері келешек ұрпаққа өнеге. Ұлы Жеңіс күні – айрықша маңызға ие айтулы мереке.
Салтанатты шараға аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, интернационалист жауынгер Ерболат Иманғалиев, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары қатысты.
Салтанатты шараға қатысушылар Мәңгілік алау басында естелік суретке түсті.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz