21.05.2021, 18:25
Оқылды: 12

Қауіпті вирустың алдын алайық

Коронавирус індеті әлі де әбігерге салып әлек. Жалпы, бүкіл әлем бойынша пандемияның келесі толқынының алдын алу мақсатымен еліміздегі халыққа тегін вакцина беріліп жатыр. Бірінші кезекте дәрігерлер алып жатса, біз мемлекеттік қызметкерлер де өз еркімізбен барып, «Sputnik V» вакцинасын алдық. Өйткені, індеттің алдын алып, сақтанайық дедік.

12345

Вакцина алмастан бұрын дәрігер тексерістен өткізеді. Білікті дәрігерлердің нұсқамасына сенеміз. Кезекті келесі вакцинаны 21 күннен соң дәрігердің шақырған уақытында барып аламын. Екпе салдырған күні қызу болды және оны дәрігер ескерткен болатын. Өзімде басқа жағымсыз жағдай болған жоқ. Вакцинаға қарсы халық неше түрлі алып-қашпа сөздер айтады. Вакцина әр адамға әрқалай әсер етеді екен.

Достарымның арасында, жақын-жуық, тума-туыс, әріптестеріме де жаман індеттің алдын алып, вакцинамен егілуге шақырамын. Вакцина – дертке дауа, індетке – тосқауыл. «Жақыныңа жанашыр бол!» деп жар салған заманда әрқайсысымыз вакцина салдырғанымыз дұрыс.

 

Ақнұрлы Еслямғалиева,

Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале