Казталов ауданында басталған көктемгі су тасқыны уақыт санап қарқын алып келеді. Қауіптің алдын алу шаралары жіті бақылануда. Жалпақтал ауылының тұрғындары тәулік бойы кезекшілікте тұрып, мекеме-ұйым жұмысшылары белсенді қызмет көрсетіп жатыр.
Олар Сәукенов көшесінің бойынан қажетті жерлерді биіктетіп көтеру үшін қапшықтарға топырақ толтырып алдын ала дайындауда. Жұмысқа тартылған барлық адамдар белсенділік танытып, тыным таппай еңбек етуде.
Шұғыл мәлімет дерегі бойынша түнгі сағат 23:30-да тасқын судың көтерілу мөлшері 7:18 деңгейін көрсетті. Су тасқыны сейілгенше қауіпсіздік жұмыстары сақталатын болады.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы